Астанада Конституцияның мерейтойына орай патриоттық сенбілік өтті

1155
Фотосурет: Gov

Ел Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елордада сенбілік өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының 150-ден астам жауынгері Конституция көшесі бойындағы аумақты қоқыстан тазартып, ретке келтірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция символдық мәнге ие болды. Конституция – мемлекетіміздің негізі, ал жастардың қаланы тазалық ісіне қатысуы – елге және оның заңдарына деген құрметтің көрінісі.

«Экологиялық мәдениет – бұл тек айналамыздың тазалығы ғана емес, әрбір азаматтың елінің болашағына деген жауапкершілігі. Жастар табиғатты қорғау мен мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету ісінде алдыңғы қатарда болуы тиіс. Бүгін біз қоршаған ортаға қамқорлық – Тәуелсіз Қазақстанды дамытуға қосқан үлесіміз екенін көрсеттік», – деді «Жасыл Ел» жобасы басшысының орынбасары Асылбек Абдурашитов.

Іс-шараның негізгі міндеттері – Конституцияға құрмет сезімін тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті арттыру.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -