Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

1672
Фотосурет: atameken.kz

2025 жылғы 28 тамыз күні Алматы қаласында MOST IT HUB алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының (РПП «Атамекен») өңірлік кеңесінің және Креативті индустриялар мен IT салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл алаң IT-секторды нығайту және цифрлық экономиканы дамыту бойынша бірлескен қадамдарды айқындайтын маңызды диалог алаңына айналды. Шараға бизнес өкілдері, технологиялық компаниялар, инвесторлар және индустриялық серіктестер қатысты.

Қатысушылар Қазақстандағы IT-саласының дамуының негізгі мәселелерін талқылады: өнеркәсіптегі цифрландыру мен B2B-шешімдерден бастап венчурлік қаржыландырудың перспективалары мен қаржы секторының ынтымақтастығына дейін.

Жеке сессияда Aitu мессенджеріне назар аударылды. Атап айтқанда, BTS Digital компаниясының өкілдері сервис туралы таныстырылым өткізіп, оны Қазақстанның цифрлық экожүйесіне ықпалдастыру мүмкіндіктерін таныстырды.

«Қазақстанның болашағы – технологиялық прогресте, ал Aitu-дың дамуын біз осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі деп санаймыз. Біздің жұмысымыздың өзегінде – пайдаланушы тұр. Aitu күнделікті өмірде ыңғайлы әрі пайдалы болуы маңызды. Біз платформаны азаматтар, бизнес және мемлекеттік құрылымдар үшін құрал ретінде дамытып жатырмыз. Бүгінде суперапп аясында компаниялар үшін чат-боттар мен колл-орталықтармен ықпалдастырудан бастап, мини-қосымшаларды іске қосуға дейінгі шешімдер қолжетімді. Бұл – өсу мен серіктестіктер үшін жаңа мүмкіндіктер» Жарқынбек Азаматов, BTS Digital бас директорының міндетін атқарушы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Даурен Сартаев қаржы секторындағы цифрландыру тәжірибесімен бөлісіп, Aitu мессенджері жайлы да пікір білдірді:

«Бүгін отандық Aitu мессенджерін дамытудағы ілгерілеулермен танысудың пайдасы зор болды. Қазірдің өзінде іске асырылған функциялар жиынтығы сервисті одан әрі дамытуға берік бәсекелік негіз бола алады. Әсіресе шетелдік баламалармен бәсекелестік жағдайында. Бұл – елдің цифрлық егемендігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам»

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Шоканов қорытынды сөзінде:

«Мемлекет Басшысы елімізде цифрлық экожүйенің толыққанды дамуына жағдайды жүйелі түрде қалыптастырып келеді, әрі оның еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететінін үнемі атап өтеді. Бизнес пен азаматтар ретінде біздің рөліміз – «цифрлық тұтынушылық патриотизмді» қалыптастыру. Яғни, отандық өнімдер мен сервистерге қолдау көрсетіп, олардың дамуына және әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беру»

Сондай-ақ, жиында BYB Production инвестициялық қорының басқарушы серіктесі А.Белисбеков, «Omir Group Ltd» Директорлар кеңесінің мүшесі Д.Кунаев сөз сөйлеп, отандық IT-нарығын дамыту, қазақстандық өнімдерді, соның ішінде Aitu мессенджерін әзірлеу және ілгерілету маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -