Құны 8,3 млрд теңге болатын жеке жоба Қонаевқа 400 мың турист тартты

1529
Фотосурет: @qaztourism

Жеке бизнес еліміздің заманауи туристік инфрақұрылымын дамытуға белсенді үлес қосып келеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Заманауи «ASP Club» отбасылық кешені - табысты инвестициялық жобаның жарқын үлгісі. 

Көпфункционалды нысан Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан.

Оған жылына еліміздің түрлі өңірлерінен және шет мемлекеттерден 400 мыңға жуық мейман келеді.

Жобаны «ASP Holding» ЖШС 8,3 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырды. Кешен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды нысанға айналды. Компания жергілікті тұрғындарға 550 жұмыс орнын ұсынған.

Кешеннің аумағы 40 гектарды құрайды. Онда Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны, 260 бөлмесі бар курорттық қонақ үй, эко-кемпинг-саябақ, 700-ден астам адамға арналған жабдықталған жағажай орналасқан. Ал 40 мыңға жуық көрерменге шақталған спорт аренасында балаға күтім жасау бөлмесі және ойын аймақтары да қарастырылған.

«Бұл жоба бизнестің ұзақ мерзімді стратегия мен жоғары стандарттарға сүйеніп, күшімен заманауи туристік кеңістіктер қалыптастыра алатынын айқын көрсетеді. Бүгінде жеке инвестициялар өңірлердің тұрақты өсуінде қозғаушы күшке айналуда. Олар демалушыларға да, жергілікті халыққа да сапалы мүмкіндіктер ұсынады» Деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы

Кешен аумағында CADS, WADS және басқа да халықаралық жарыстардың өткізілуі қаланың туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -