Ұлытауда жылу желілерін қысқы маусымға дайындау аяқталуда

1265
Фотосурет: primeminister.kz

Ұлытау облысында жылыту маусымына дайындыққа 36,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Үкімет отырысында өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол жалпы облыстың жылыту маусымына дайындыққа 36,6 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Жезқазған қаласының жылу-электр орталығында 2 қазандық пен 3 турбинада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ 4 қазандық пен 1 турбинаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Дайындық деңгейі – 74%. Жөндеуге 6,8 млрд теңге бөлінген.

«Облыстың жылу желілерін жөндеуге 8,1 млрд теңге бөлінді. 48 шақырым жылу желілері жөнделуде, оның ішінде қазіргі уақытта 32 шақырым бойынша жұмыстар аяқталды. Барлық жұмыстарды осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті өңір басшысы Дастан Рыспеков.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -