«Балдаурен» орталығы – Отан қорғаушылардың балаларына арналған демалыс пен білім

1067
Фотосурет: Gov

Әскери қызметшілердің 300-ден астам баласы «Балдәурен» орталығының жазғы лагерлерінде демалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жазғы демалыс – тек тынығу емес, тәрбиенің бастауы. Отан алдында абыроймен қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің балалары биылғы жазда ерекше қуанышқа кенелді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің қолдауымен және Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен 300-ден астам бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының лагерлерінде демалып қайтты.

Өткен жазғы маусымда Конаев қаласындағы орталықта, сондай-ақ Түркістан, Щучинск және Балқаш қалаларындағы филиалдарда барлығы 317 бала тынығып, білім мен тәрбиеге толы қызықты күндерді өткерді.

"Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум өз жемісін беруде. Мұнда балалар тек денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, бойларына ұлттық құндылықтар мен патриоттық рухты сіңіреді. Жаңа достар тауып, таным көкжиегін кеңейтеді, өмірлік маңызды қарым-қатынас машықтарын меңгереді. Мұның бәрі олардың болашағына мол серпін беретін тәжірибе" Қарулы күштердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Тәттігүл Смағұлова

Жаңа оқу жылында да «Балдәуреннің» есігі балаларға айқара ашық болмақ. Филиалдарға жаңа топтар келіп, олар үшін тек сауықтыру мен танымдық шаралар ғана емес, әскери-патриоттық бағыттағы тәрбие жұмыстары мен мектеп бағдарламасына сай оқу курстары да ұйымдастырылады.

Бұл мақсатта орталықта барлық жағдай жасалған.
Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы келісім аясында жыл сайын әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы «Балдәурен» орталығы мен оның филиалдарында демалуға мүмкіндік алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -