ТЖМ құтқарушылары қамыстың жануын сөндіруде, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында қамыс өртенді.
Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» су төгуші құрылғысы бар тікұшағы тартылды.
Қазіргі сәтке дейін әуе кемесі бес рет су төгіп үлгерді. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Жағдай ТЖМ бақылауында. Елді мекендерге қауіп жоқ.