Қорғаныс министрлігі әскери салаға жасанды интеллект пен 3D-модельдеуді енгізеді

1309
Фотосурет: Gov

Астанада авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес қорғаныс ведомствосының даму басымдықтары айқындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңес жұмысына Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, сондай-ақ департаменттердің, бас басқармалар мен әскери оқу орындарының бастықтары қатысты.

Министр Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген ел дамуының негізгі бағдарларына тоқталып, цифрландыру құралдары мен жасанды интеллект технологияларын жедел енгізу стратегиялық міндет екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қарулы күштер технологиялық жаңғырудың белсенді қатысушысына айналуы тиіс.

"Қорғаныс министрлігінің алдында цифрлық шешімдерді, жасанды интеллект технологияларын, автономды басқару жүйелерін кеңінен енгізу, сондай-ақ ұлттық қорғаныстың киберқұрамдасын дамыту міндеті тұр. Болашақта әскеріміз күрделі гибридтік қатерлерге жауап бере алатын, шапшаң, дәл әрі жоғары технологиялы армия болуы қажет"Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов

Қорғаныс ведомствосының басшысы биылғы жылдың соңына дейін әрбір әскери бөлімде жергілікті желі құрылысын аяқтауды, ал барлық әскери оқу орындарында оқу үдерісін толық цифрландыруды және жасанды интеллектті оқыту курстарын білім беру бағдарламаларына енгізуді тапсырды. Министр көлік-логистика және құрылыс салаларында жұмыстың сапасын арттыру және 3D-модельдеуді кеңінен қолдану қажеттілігіне назар аударды.

Әскери медицинаны дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Жасанды интеллект технологияларын әскери медицина саласына да енгізу қажет. Әскери медицина қызметшілеріне медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылаудың жаңа жүйесін құру тапсырылды.

Кеңесте тәрбие және идеологиялық жұмыс мәселелері де маңызды орын алды. Қоғамның армияға деген сенімін нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және әскери қызметшілердің заманауи құндылық бағдарларын қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -