Энергетика министрлігі шекті тарифтерді бекіту процесін цифрландырды

1199
Фотосурет: DKNews.kz

Энергетика министрлігі тарифтерді басқару бойынша цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдардың тарифтік өтінімдерін қарау үдерісіне арналған тарифтерді басқару бойынша жаңа цифрлық сервисті пилоттық режимде іске қосты. Аталған сервис электр энергиясына шекті тарифті бекіту үдерісін цифрландыруға бағытталған.

Жаңа жүйе энергия өндіруші ұйымдарға өтінімдерді қағазсыз, электрондық форматта ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл қағаз құжат айналымын жойып, өтінімдерді қарау, бекіту процессін жеңілдетіп, жеделдетеді. Цифрлық сервис өтінім беруден бастап, соңғы шешім қабылдауға дейінгі толық циклді қамтиды. Құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою мүмкіндігі қарастырылған. Электр энергиясына шекті тариф 7 жыл мерзімге бекітіледі.

Жаңа жүйенің енгізілуі – Энергетика министрлігінің мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бюрократияны азайту бағытындағы маңызды қадамдарының бірі. Сервис құжат айналымының заңды күшін сақтай отырып, саладағы процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Министрлік аталған сервисті алдағы уақытта пайдаланушылардың ұсыныс-тілектері мен жасанды интеллект элементтерін ескере отырып жетілдіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, аталмыш жоба Отын-энернетика кешенінің цифрлық трансформациясы картасы аясында әзірленіп, Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан EnergyTech платформасына кіріктірілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -