Құрманғазы оркестрі 92-маусымын ашты

1298
Фотосурет: Gov

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 92-ші концерт маусымын салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отандық өнер жұлдыздары, танымал сахна шеберлері бас қосқан кеш, көрерменге түрлі музыкалық шығармалар ұсынды.

Кештің көркін еліміздің танымал сахна саңлақтары мен дәстүрлі өнердің көрнекті өкілдері келістіре ашты. Атап айтсақ, «Құрмет» орденінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі – Зарина Алтынбаева, Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі ән өнерінің шебері – Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші – Батыржан Мықтыбаев, Республикалық конкурстардың лауреаты, қобызшы – Әсел Рақымжан.

Көрермен қауым үшін ұлттық және әлемдік опера, Қазақстан композиторларының әндері, қазақ күйлері, заманауи шығармалар орындалды.

Жаңа маусымның ашылуы көрермен үшін дәстүр мен жаңашылдық тоғысқан, оркестрдің орындаушылық деңгейін паш ететін жарқын мәдени оқиға болды.

Жаңа маусымда көрерменді тың музыкалық жобалар, заманауи бағыттағы дуэттер мен ұлттық өнерге жаңа серпін беретін креативті концерттер күтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -