Қазақстанда ауылдық медициналық нысандарды жобалаудың бірыңғай жүйесі құрылуда

979
Фотосурет: Gov

Еліміздегі жаңа медициналық нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу мерзімдері мен күнін оңтайландыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасында МСАК объектілерін көрсетудің оңтайлы параметрлерін (үй жайлардың біркелкі жиынтығы мен ауданы, жабдықталуы, безендірілуі, сәулеттік келбетін) жобалаудың бірыңғай тәсілі қарастырылған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бірыңғай жобалаушы 5 климаттық және сейсмикалық аймақта (Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үш түрі бойынша жобалар әзірледі – бұл медициналық пунктер, фельдшерлік-акушерлік пунктер және дәрігерлік амбулаториялар.

Жалпы алғанда, жобалардың жалпы құнының шамамен 70%-ы құрылыс-монтаждау жұмыстары, 20%-ы құрал-жабдықтар және 10%-ы басқа да шығындарды құрайды. Т.Мұратов құрылыс нормаларына енгізілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерінің үй-жайларының құрамы мен алаңындағы өзгерістерге тоқталып өтті.

«Медициналық пункте физиотерапия кабинеті және дәріхана (тәулік бойы жұмыс істеуге арналған) қосылған. ФАП-та ақпараттық технологиялар кабинеті (телемедицина үшін), физиотерапия кабинеті және жеке кіреберісі бар дәріхана қосылған. Дәрігерлік амбулаторияда ақпараттық технологиялар кабинеті, физиотерапия, жаттығу терапиясы кабинеттері және жеке кіреберісі бар дәріхана қосылған. Сонымен қатар физиотерапия кабинеттері электрмен емдеу, магниттік терапия, ультрадыбыстық, жарық және ультракүлгін терапиялары, ингаляторлар және т.б. жабықталған. Жаттығу терапиясы бөлмесінде ұсақ моториканы қалпына келтіруге және дамытуға арналған әртүрлі тренажерлар, еңбек терапиясына арналған стендтер, қабырғаға арналған штангалар, кинезитерапияға арналған жабдықтар бар», – деді вице-министр.

Эталондық жобаларда бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету объектілерін жабдықтау үшін медициналық және медициналық емес өнімдерді таңдау кезінде басымдық ретінде отандық өндірушілердің өнімдері енгізілді және жалпы пайыздық арақатынасы 70%-дан асады. Барлық медициналық бұйым Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында сараптамалық бағалаудан өтті.

Жоспарланған 655 нысанның 540 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаның құрылысы аяқталды, оның 346-сы ескірген және талапқа сай емес үй-жайлардың орнына салынды, 194-і – бұрын медициналық инфрақұрылыммен қамтылмаған ауылдық елді мекендерде. Аяқталған 540 нысанның 227-сі – медициналық пункт, 187-сі – фельдшерлік-акушерлік пункт, 126-сы – дәрігерлік амбулатория. Қалған 115 нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысына республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы бұл нысандарды қаржыландыру арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -