Арбалар — Ежелгі dünyanın «интернеті»: Виктор Новоженовтың дәрісі

1188

«Мен тек сұрап шығамын» жобасы сіздерді 2025 жылдың 21 қыркүйегінде өтетін әйгілі қазақстандық археолог Виктор Новоженовтың «Мыңжылдық байланыс дөңгелегі: Сынтастыдан Пазырыққа дейінгі Қазақ даласындағы арбалар» атты дәрісіне шақырамыз, деп хабарлайды DKNews.kz.

ЯкорьДәрісте:

Якорь● Еуразия тарихын өзгерткен алғашқы арбалар қалай пайда болғанын;
● Қазақстан, Моңғолия, Қытай және Үндістан жартас бетіндегі құпиялы бейнелер нені жасырып тұрғанын;
● Арбалар Көне заманның «ғаламторына», қоныс аударулардың, сауданың және мәдени байланыстардың белгісіне қалай айналғанын;
● Археологтардың бірегей олжалары, арбаларға қатысты мифтер мен аңыздар туралы тың деректер және лектормен бірге ежелгі петроглифтердің Ұлы дала тарихын түсінуге қалай көмектесетінін көресіздер;
● Жабайы жылқыларды қолға үйрету мен дөңгелектің ойлап табылуы әлем тарихының бағытын өзгертіп, көшпелі өркениеттің дүниеге келуін қалай алдын ала айқындағаны жайында ақпарат алатын боласыздар.

ЯкорьНовоженов Виктор Александрович – тарих ғылымдарының кандидаты, археолог, шығыстанушы, Еуразиядағы ежелгі және қазіргі коммуникациялар жөніндегі маманы, халықаралық экспедициялардың белсенді қатысушысы және ЮНЕСКО-ның Орталық Азия елдеріндегі сарапшысы.

Күні: 21  қыркүйек  2025 жыл

Басталуы: в 16-00

Мекенжайы: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 29/6, «Rahat Palace» қонақүйі, «Абай-Махамбет» залы.

Дәріс орыс тілінде өтеді. Іс-шараға ерікті қайырымдылық жарна төлеу арқылы қатысуға болады. Ұсынылатын сома – 5 000 теңге.

Құрметті достар, «Мен тек сұрап шығамын» жобасы – коммерциялық емес жоба. Жиналған барлық қаражат «Петроглиф ізшілері» ҚҚ иелігіне өтеді және Қазақстанның петроглифтік мұрасын зерттеу мен сақтау мақсатында қордың ғылыми еріктілері үшін ұйымдастырылатын экспедицияларға жұмсалады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -