Атырауда Ұлттық ұлан сарбаздары есінен танып қалған қызға алғашқы көмек көрсетті

4928
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Атырауда ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің сарбаздары қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде есінен танып қалған жас қызға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға «Авангард» шағынауданындағы жағалауда болған. Әскери жасақтың байланыс құралына орталық басқару бөлімінен «Авангард» шағынауданындағы жағалауда белгісіз азаматтың есінен танып құлағаны туралы ақпарат келіп түскен. Ақпаратты алған сарбаздар оқиға орнына дереу жеткен. Қатардағы жауынгер Мейір Теңілдіковтің жетекшілігімен қатардағы жауынгерлер Әлішер Болатбай мен Әділет Дәуленов есінен танып жатқан қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның жағдайын тұрақтандырған.

Бізге азаматтың құлағаны туралы хабар түсті. Лезде жетіп, алғашқы көмек көрсеттік. Кейін оқиға орнына дәрігерлерді шақырдық. Сол мезетте полиция қызметкерлері де келіп жетті, – деді қатардағы жауынгер Мейір Теңілдіков.

Жедел жәрдем қызметі келген соң қыз қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -