Семейдегі Ұлттық ұлан бригадасында театр және киноактері қызмет етуде

1089
Фотосурет: «Шығыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімінде белгілі театр және кино актері Өмірзақ Рамазан мерзімді әскери қызметін өтеп жүр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол Youtube платформасында миллионнан астам қаралым жинаған «Бажалар» және «Сәке» сериалдарына түскен. Өнер иесі Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «кино және театр актері» мамандығын тәмамдаған.

Әскерге келген алғашқы күндері ол актерлер туралы қалыптасқан стереотипті жоққа шығарғанын айтты:

Әскерде актерларды спортқа икемі жоқ, физикалық қабілеті әлсіз деп ойлайды екен. Мүмкін, олар өнер адамдары сахнада немесе  камераның  алдында ғана рөлге еніп,  өнер  көрсеткеннен қалыптасқан пікір болар.   Бірақ біз академияда түрлі спорт түрімен айналыстық. Сондықтан  әскердегі спорттық жарыстарда алдыңғы қатардан көріндім. Осылайша, актерлердің өнерлі ғана емес -  кез келген сынақтан сүрінбей өте алатынын  білекті екендерін дәлелдедім

Өмірзақтың шығармашылық жолы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында басталған. Ол «Сүйінбай» спектаклінде Жарас рөлін сомдап, көрермен ықыласына бөленген. Кейін Түркістан қаласындағы музыкалық драма театрда еңбек етіп, «Бөрте» қойылымында Шағатайдың, «Шинельде» Степан Варламовичтің, ал «Мұқағалида» Мұқағалидың рөлін сомдады.

Мен актер ғана емес, режиссермін. Алматыда шығармашылық топпен шағын киножобалар түсірдім. Қазақ киносында әскери тақырып әлі толық ашылмаған. Әскер маған жаңа көзқарас беріп, киноға қажет көптеген детальдарды байқауға мүмкіндік берді. Болашақта әскери тақырыптағы туындыларды өмірге әкелгім келеді. Оған Ұлттық ұландағы ұмтылмас күндер себеп деп ойлаймын, –  дейді қатардағы жауынгер.

Мерзімді әскери қызметші әскери бригаданың мобилогрофы. Өмірзақ  жауынгерлік қызметтің қызықты сәттерін ерекше мәнерде түсіреді дейді сарбаздың қаруластары. Қатардағы жауынгердің айтуынша,   ешкімнің назарына ілікпейтін  кадрларды жинап, әскерде жүріп те режиссерлік қабілетті шыңдап, рухани азық жинауға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -