Астанада жұмысшы мамандықтарына арналған аллея ашылды

1155
Фотосурет: Gov

Елордадағы Сарайшық ауданында Қазақстан Президенті жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмысшы мамандықтар аллеясының» салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа аллея аудан тұрғындары үшін демалыс орны ғана емес, сонымен қатар ел дамуына жұмысшы мамандардың қосқан үлесін насихаттайтын символдық кеңістікке айналды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сквер аумағы жаңартылды: балалар алаңдары, спорттық жаттығу орындары, көлеңкелі шатырлар мен арт-ғимараттар ерекше әсер береді.

Ашылу барысында 300 түп ағаш отырғызылды, арнайы техника көрмесі мен тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шақырылған суретшілер іс-шара барысында жұмысшы мамандық иелерінің портреттерін live форматында салды.

Мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары, түрлі сала өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Айта кетейік, биыл елордада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылып жатыр. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтыды. Қазіргі таңда бұл жұмыстың басым бөлігі аяқталды.

Сонымен қатар абаттандыру аясында қаланы көгалдандыруға ерекше мән беріліп отыр. Биыл елордада 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Көгалдандыру мен көріктендіру шаралары барлық ауданды қамтиды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -