Қарулы күштердің әскери қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

1298
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын Қарулы күштердің жеке құрамы белсенді түрде қолдап келеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қазақстанның барша өңірінде өткен экологиялық акцияға барлық гарнизондар атсалысты.

Астанада жалпықалалық сенбілік аясында Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, Құрлық әскерлері құрылымдық бөлімшелерінің және әскери оқу орындарының басшылық құрамы мен жеке құрамы көшелерді, скверлерді, тұрғын үй алаптарын және іргелес аумақтарды тазалауға шықты.

Қорғаныс ведомствосының басқармалары мен департаменттері үшін тазалық жұмыстары Ақмешіт көшесінде, Сығанақ, Жәнібек пен Керей хандар көшелерінің арасындағы аумақта жүргізілді. Қарулы күштер Бас штабының құрылымдық бөлімшелері Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимаратының айналасын тазалады.

Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелерінің әкімшілік ғимараттарының айналасын, сондай-ақ Ақмола өңірлік гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарын тазалауға атсалысты.

Бұдан бөлек, ведомствоның жеке құрамы әскери қызметшілер тығыз орналасқан аудандарда – Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, Жансүгіров және Янушкевич көшелері, сондай-ақ Ильинка кентіндегі коттедж қалашығында тазалық жұмыстарына тартылды.

Миллиондаған қазақстандықтарды біріктіріп отырған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасына әскери қызметшілердің қатысуы – олардың халықпен бірлігінің айқын көрінісі және қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасының дәлелі. Әскери қызметшілердің еңбегі арқасында қаланың келбеті тазарып, көркейе түсті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -