Қазақстандағы World CleanUp Day ең ауқымды экошараға айналуы мүмкін

1166
Фотосурет: Gov

20 қыркүйек күні бүкіл әлемде өтетін «World CleanUp Day» акциясы аясында Республика аумағында қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық бастама жүзеге асырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Акцияның ауқымына тоқталсақ: республика бойынша сенбіліктерге 422 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 135 мыңнан астам жуық мемлекеттік орган өкілдері және 52 мың еріктілер. Әсіресе жастар белсенділік танытты - студенттер, мектеп оқушылары, жастар ұйымдарының және волонтёрлік қозғалыстардың мүшелері. Олар тек қатысуға ниет білдіріп қана қоймай, қоршаған ортаның болашағы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуға дайын екендіктерін көрсетті.

Экологиялық науқан барысында түрлі аумақтарда - қалалық көшелерден бастап су айдындарының жағалаулары, саябақтар, орман алқаптары мен елді мекендердің шет аймақтарына дейін тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда мың гектар жер тазартылып, 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

Кампания аясында көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Акцияға қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 18 мың астам ағаш пен бұта отырғызылды.

Жасалған жұмыс қорытындылары, қатысушылар саны және қол жеткізілген нәтижелер еліміз тарихындағы ең ауқымды экологиялық іс-шаралардың бірі ретінде КИнЭС рекордтар кітабына тіркеуге ұсынылды.

Экологиялық акция «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының аясында өтті. Бұл бастама аумақтарды тұрмыстық қалдықтан тазартуға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған. Осы күні ұйымдастырылған жаппай сенбіліктер барша халықтың ортақ мақсатын — қоршаған ортаны таза, қауіпсіз әрі денсаулыққа қолайлы ету жолындағы бірлігін көрсетті.

Әрбір қатысушыға бейжай қарамағаны, белсенді азаматтық ұстанымы, табиғатты қорғауға қосқан үлесі және еліміздің болашағына деген шынайы жанашырлығы үшін алғыс айтамыз. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікпен және жауапкершілікпен жасалған ең қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгерістердің бастамасына айнала алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -