«Таза Қазақстан»: Туризм және спорт министрлігі табиғатты қорғауға үлес қосты

3080
Фотосурет: Gov

Туризм және спорт министрлігінің қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенбілік барысында министрлік ұжымы өздеріне бөлінген аумақты арамшөптерден тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинады.

«Таза Қазақстан» акциясы - еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған ауқымды бастама. Оның мақсаты – табиғатты ластанудан арылту ғана емес, сонымен қатар қоғамды экологиялық мәдениетке баулу, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

Министрлік алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды қолдап, табиғатты сақтау ісіне белсенді үлес қоса береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -