Қазақстанның ТЖМ шалғай ауылдарда өрт сөндіру бекеттері желісін дамытып жатыр

2893
Фотосурет: Gov

Қазақстан ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында шалғай және жетуі қиын ауылдарда өртке қарсы пункттерді құру және жаңарту жұмыстарын жалғасуда. Бұл бастаманың мақсаты — ауылдық тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқарту және аумақтардың түрлі қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін нығайту болып табылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Жақында Абай облысы Аягөз ауданының Майлин ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды. Ол төрт елді мекендегі барлығы 550-ден астам адам тұратын аймақтың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа пункт заманауи техникамен, байланыс құралдарымен және жабдықтармен жарақтандырылған. Жеке құрам төтенше жағдайларға жедел ден қою және олардың салдарын жоюға қажетті кәсіби даярлықтан өткен.

«Жаңа өрт сөндіру пункттерін ашу — бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, шалғайдағы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты қадам. Заманауи техника мен даярлықтан өткен қызметкерлердің арқасында біз төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді ден қоя аламыз. Бұл көмек қажетті жерде адамдарға нақты қолдау», — деді Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапагатов.

  Сонымен қатар Ақмола облысы Атбасар ауданының Мариновка ауылындағы өрт сөндіру пунктін жаңарту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған объект ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 68 км жерде орналасқан. Ол жалпы 2910 адам тұратын Мариновка, Бейіс хазірет ауылдары мен Адыр станциясының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пункт Ақмола облысы ТЖД автопаркінен берілген өрт сөндіру автоцистернасымен, сондай-ақ қажетті өрт техникалық жабдықтармен және білікті қызметкерлермен толықтырылған.

  Ауылдық жерлерде азаматтық қорғау инфрақұрылымын дамыту халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -