Астанада Backstreet Boys концертіне көрермендерді жеткізу үшін арнайы автобустар ұйымдастырылды

4356
Фотосурет: instagram.com/backstreetboys

Елордадағы «Астана Арена» стадионында 21 қыркүйек күні аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының концерті өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арнайы шаттл-бастар қатынайды.

Фотосурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Шаттл-автобустар сағат 16:00-ден бастап бес бағытта қатынайды:

  • Астаналық цирк жанындағы автотұрақтан;
  • «Әзірет Сұлтан» мешітінен;
  • Сатпаев көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені жанындағы автотұрақтан;
  • Орталық саябақтан (Тұран даңғылы жағынан);
  • «Бас Мешіттен».

Маршруттар екі бағытта жұмыс істейді – стадионға дейін және қайтар уақытта.

Қосымша шаттл-бастардың қатынауы көлік кептелісін азайтып, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -