2025 жылғы ауыл мектептеріне арналған олимпиада: қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд

2519
Фотосурет: Gov

Ауыл мектептерінің 125 мыңнан астам оқушысы республикалық олимпиадаға қатысуда

24 қыркүйекте ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І кезеңі басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Биыл мектепішілік іріктеу кезеңіне 9-11(12) сыныптардан 125 мыңнан астам оқушы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артық. Мектепішілік кезең smart.daryn.kz цифрлық платформасында өтеді және 2025 жылғы 28 қыркүйекте аяқталады.

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты – ауылдық және шалғай өңірлердегі талантты балаларды анықтау және қолдау, оларды сапалы білімге тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету және зияткерлік әлеуетін дамыту.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пән бойынша өткізіледі және төрт кезеңнен тұрады: І кезең (мектепішілік, іріктеу) – қыркүйекте; ІІ кезең (аудандық) – қазанда; ІІІ кезең (облыстық) – қарашада; IV кезең (республикалық) – желтоқсанда өтеді.

Өткен жылдары жеңімпаздарды қолдауға ерекше назар аударылды: пән бойынша олимпиаданың І дәрежелі диплом иегерлері барлық кезеңнен өткен жағдайда республикалық кезеңге конкурстан тыс қатыса алады.

«Екі жылда олимпиаданы өткізу тәжірибесі ауыл оқушыларының қызығушылығы мен ынтасының артқанын көрсетті. Жүлдегерлер саны 10 есе көбейді» «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов

Олимпиада финалистері «Дарын» республикалық сырттай мектебінде оқуды жалғастыру мүмкіндігіне ие болады. Мұнда оларға республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылатын тәжірибелі педагогтер сабақ береді. Оқушылар пәндерді тереңдетіп оқумен қатар, олимпиадаларға дайындық стратегияларын меңгереді және білім беру ресурстарын тиімді пайдалануды үйренеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -