Алматыдағы Рахат ықшамауданында жаңа саябақ салынуда

1133
Фотосурет: Gov

Наурызбай ауданында биыл Рахат шағынауданында жаңа саябақ аймағын құру жұмыстары басталды. Жаңа жайлы саябақ аудан тұрғындары үшін көптен күткен демалыс орнына айналмақ. Бұл туралы аудан әкімдігінде хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша саябақтың құрылысы биыл аяқталады.

Жобаның тарихы 2023 жылы басталды. Сол кезде Наурызбай ауданы әкімдігінің бастамасымен 1,5 гектар жер телімін алу рәсімі жүргізілген. Аталған жер Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының жанында орналасқан. Жоспар бойынша Қызыл кітапқа енген ағаштарды сақтай отырып, саябақ салу көзделген. Кейін жердің иесі ауысып, ол «BI Development» құрылыс компаниясына өтті. Компания қол қойылған меморандум аясында «BIOGRAPHY» деп аталатын ландшафтық саябақ жобасын жүзеге асыруға міндеттенді.

Жобада бар ағаштарды сақтау, ыңғайлы жүргіншілер жолдарын салу және табиғи элементтерді саябақ тұжырымдамасына үйлесімді енгізу ерекше назарға алынған.

«Біздің ауданымызда саябақтар жетіспейді. Енді балаларымызбен серуендеп, отбасымызбен тынығатын әсем орынның салынатыны өте қуаныштымыз», – дейді Рахат шағынауданының тұрғыны.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -