Кәсіпорындардың микроэкономикасы Қазақстанның экономикалық өсімінің қозғаушы күші болады

1045
Фотосурет: primeminister.kz

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында тоғыз айдағы негізгі салалардың экономикалық өсуінің алдын ала қорытындылары қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ауыл шаруашылығы

2025 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 3,4%-ға артты. Шамамен 3,6 трлн теңге. 9 айдағы болжам – 2,3%-ға өсу.

Өсу мал шаруашылығымен (+3,2%, 2,26 трлн теңге) және өсімдік шаруашылығымен (+4%, 1,25 трлн теңге) қамтамасыз етілген. Өсудің кезекті кезеңі қазанда дәнді, майлы және басқа да дақылды жалпы жинау есебінен болуы тиіс.

Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі

Азық-түлік өндірісі 8 айда 10,1%-ға (2,5 трлн теңгеге дейін), сусын өндірісі – 7,1%-ға (813 млрд теңге) өсті.

Өсу қант (24%-ға, 122,8 мың тоннаға дейін), ет консервісі (29,7%-ға, 5,8 мың тоннаға дейін), өсімдік майы (27%-ға, 595 мың тоннаға дейін), шұжық өнімі (8,8%-ға, 51,2 мың тоннаға дейін), сары май (15%-ға, 25,2 мың тоннаға дейін) өндірісінің артуы есебінен жүзеге асырылды.

9 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің 10,9%-ға, сусындардың 7%-ға өсуі күтілуде.

Тау-кен өнеркәсібі

Қаңтар-тамызда 67,4 млн тонна мұнай өндірілді (2024 жылғы сәйкес кезеңде +13,4%). Теңізде мұнай өндірудің айтарлықтай өсуі байқалады (2024 жылға қарай +26,83 млн тонна немесе +42%). Қарашығанақта осы уақыт ішінде 8,38 млн тонна (+4,6%) өндірілді. Қашағанда өндіріс 1,9%-ға, 12,16 млн тоннаға дейін төмендеді. Өндірістің төмендеуі жөндеу жұмысымен байланысты.

9 айға болжам: мұнай өндіру – 75,6 млн тонна (+13%), газ өндіру – 51,6 млрд м3 (+17%). Газ бойынша 2025 жылға арналған жоспар – 62,8 млрд м3 (+6,4%).

Сегіз айдағы мұнай өңдеу 12,2 млн тонна (+5,6%), қыркүйектің соңына қарай 14 млн тонна (+5,9%) болуы тиіс. Мұнай өнімін өндіру сегіз айда – 10,2 млн тонна (+8,7%), бір жылда – 13,7 млн тонна.

Мұнай-газ химиясы: 418,9 мың тонна (+5%), бір жылға болжам – 590 мың тонна (+9,3%).

Сауда

8 айдағы сауда 8,9%-ға өсіп, 44,9 трлн теңгені құрады. Ақшалай түрде бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға жоғары. Негізгі үлесті Алматы (15,5 трлн теңге), Астана (6,6 трлн), Атырау (4,8 трлн), Қарағанды (2,8 трлн) облыстары және Шымкент (2,2 трлн) қосты.

Өсу негізінен көтерме сауда есебінен қамтамасыз етілді (+3,5 трлн теңге, өткен жылға 109,8%). Оның құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауардың үлесі 80%-дан 82%-ға дейін өсті (Мұнай және мұнай өнімдері, фармацевтика, металлургия, техника, автокөлік). Азық-түлік тауарының үлесі 18% (астық, майлар, тамақ өнімі, сусын).

Бөлшек саудада құрылым сақталды: 68% азық-түлікке жатпайтын тауарға (+1,4 трлн), 32% – азық-түлік тауарына (+0,6 трлн) тиесілі.

Көлік және логистика

Көлік саласы экономиканың жай-күйін дәлме-дәл көрсетеді. Көп көрсеткіш бойынша өсу бар. Қаңтар-тамызда көлік және қоймалау саласында көрсетілген қызмет көлемі 21,5%-ға, 9 айға болжам – 21,6%-ға өсті.

Өсу тау-кен-металлургия, мұнай-газ, аграрлық, құрылыс және сауда секторында жүк тасымалының өсуі арқылы қамтамасыз етілуде.

9 айда жолаушы тасымалы +7,8% (1,36 млрд адам) болуы мүмкін.

Жүк жөнелтуде өсуді көрсеткендер: ERG (+3%), Богатырь Көмір (+2%), МӨЗ (+3%), Qarmet (+11%), Kaz Minerals (+1%).

Өңдеу өнеркәсібі

Қаңтар-тамызда өсу – 6,1%. Металлургия, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалы, резеңке-пластикалық бұйым, жиһаз өндірісінде оң динамика сақталуда.

Құрылыс

Қаңтар-тамызда 4,8 трлн теңгенің жұмысы орындалды (НКИ 118,1%). 9 айға болжам – 17,7%-ға өсу.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин таяу кезеңдегі барлық салалардың негізгі міндеті микроэкономикамен белсенді айналысу екенін атап өтті. Яғни өсу қарқынының төмендеуіне жол бермеу үшін саладағы әрбір кәсіпорынның мәселелерін шешу қажет.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -