Шығыс Қазақстан облысындағы «Титан» ат спорт-сауықтыру кешенінде паралимпиадалық ат спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Астанадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қатысушылар паралимпиадалық ат спортынан өнер көрсетті: «Ат спортының бастауы», «Жеке жүлде» және «Кюр» (фристайл-тест).
Чемпионат қорытындысы бойынша астаналық параспортшылар бес медаль иеленді:
• Ахмад Билял– 1 орын;
• Әділ Елубай – 1 орын;
• Әнуар Әбжанов – 2 орын;
• Арнұр Дауылбаев – 2 орын;
• Томирис Ералы – 3 орын.