Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефан Эрикссонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Әсіресе мұғалімдердің біліктілігін арттыру, жасанды интеллект пен заманауи оқыту әдістемелерін енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Оқу-ағарту министрі халықаралық серіктестіктің оқушылар мен педагогтардың тілдік құзыреттерін дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Швеция Елшісі бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.