Қарулы Күштерде Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу іс-шаралары өтті

2431
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған іс-шаралар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аса көрнекті қолбасшы 2013 жылғы 24 қыркүйекте, 89 жасында өмірден озды. Дегенмен оның Отанға сіңірген өлшеусіз еңбегі мен өнегелі өмір жолы ел жадында мәңгі сақталады.

Алматыдағы оның есімі берілген Құрлық әскерлері әскери институтында оқу сабақтары бір минут үнсіздікпен басталды, курсанттарға армия генералының өмірі мен офицерлік жолы туралы айтылды.

Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің жеке құрамы даңқты қолбасшы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Армия генералының туған жері – Ақкөл қаласында, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақта жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және тұрғындардың қатысуымен гүл қою рәсімі өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -