Қазақстанның банк секторы ғаламдық жылынудың стресс-сценарийіне төтеп берді

1133
Фотосурет: rawpixel.com/freepik.com

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторына 2024 жылғы алғашқы климаттық стресс-тестілеуді аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Талдау аясында физикалық және өтпелі тәуекелдер қарастырылды. Нақты тәуекелдерге құрғақшылық, қатты ыстық және су тасқыны түрінде көрінетін жаһандық жылынудың салдары жатқызылды. Өтпелі тәуекелдер көміртексіздендіру жағдайында Қазақстан экспортына деген сұраныстың төмендеуімен, экологиялық стандарттардың қатаңдатылуымен және ЕО трансшекаралық көміртегі тетігінің (CBAM) әсерімен байланысты.

Стресс-тестілеуге банк жүйесі активтерінің 85%-ын құрайтын 11 банк қатысты. Тестілеу үш жылдық кезең мен екі сценарийді қамтыды.

Базалық сценарий климаттық шараларды орындауды және температураның өсуін 1,5°C-қа дейін шектеуді көздеді. Бұл жағдайда жағымсыз әсерлер қалыпты болып, елде экономиканы бейімдеуге және жаңартуға уақыт қалар еді.

Стрестік сценарийде шығарындыларды азайту шаралары жеткіліксіз болған кезде температураның 3°C-қа дейін көтерілуі көзделген. Нәтижесінде неғұрлым ауыр климаттық құбылыстарды және халықаралық шектеулердің күшеюін білдіреді, бұл банктердің жиынтық капиталының 17,4%-дан 14,2%-ға дейін төмендеуіне әкеледі. Негізгі қысым кредиттік және нарықтық тәуекелдердің өсуіне байланысты қалыптасты, бұл ретте капитал жеткіліктілігінің деңгейі ең төмен талаптардан айтарлықтай жоғары болып қала берді.

Әдіснама климаттық факторлардың салалар мен қарыз алушыларға әсерін бағалаудың жеке тәсілін, сондай-ақ макроэкономикалық факторлардың әсерін жиынтық бағалау үшін портфельдік тәсілді қамтыды.

Нәтижелер ірі корпоративтік қарыз алушылардың портфеліне тәуекелдердің көбірек келетінін көрсетті. Тәуекел деңгейі жоғары кредиттердің үлесі (2-саты) 2,6%-дан 21,2%-ға дейін, ал проблемалық кредиттердің үлесі (3-саты) 10,5%-дан 15%-ға дейін өсті. Бұл ретте 1-сатыдағы қарыздар бойынша дефолт ықтималдығы 4%-дан 5,6%-ға дейін ұлғайды. Резервтердің негізгі өсуі құрылыс (41%) және өңдеу өнеркәсібі (21%) салаларына тиесілі болды.

Ұжымдық портфельдерде проблемалық кредиттер үлесінің өсуі шағын және орта бизнес (+5,6 п.т.), сондай-ақ тұтынушылық кредит беру (+8,2 п.т.) сегменттерінде байқалады.

«Жүргізілген климаттық стресс-тестілеу жаһандық климаттық өзгерістер мен көміртексіздендіру саясатының банк жүйесінің орнықтылығына қалай әсер ететінін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер сектордың туындайтын тәуекелдерге бейімделу үшін жеткілікті қауіпсіздік қорының бар екенін растады» Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов

Агенттік осы бағытта жұмысын жалғастырады. Зерттеу нәтижелері туралы толық есеп Агенттіктің ресми сайтында жарияланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -