2025 жылғы 25-26 қыркүйекте Астана қаласында ҚР МКҚ ұйымдастыруымен күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында “Millitary Drone Race 2.0” турнирі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сайыс пилотсыз авиациялық жүйелерді (ПАЖ) жауынгерлік және кәсіби даярлықта қолдану саласын дамытуға, оны киберспорт аспектілерімен және озық технологиялармен кіріктіруге, бөлімшелердің техникалық әлеуетін жетілдіруге бағытталған.
Турнир сонымен қатар, осы сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, олардың өзара белсенді әрекеттесуін, білімі мен тәжірибесімен бөлісуін қолдауға арналған.
Турнир бағдарламасы ПАЖ басқару бойынша бірнеше жаттығу кіретін екі кезеңнен тұрды.
Сайыс жүлделері жолында мемлекеттік күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының 14 командасы бақ сынады. Екі күндік сайыс нәтижесінде төмендегі құрамалар жеңіске жетті:
- 1 орын - ҚР МКҚ 1-командасы;
- 2 орын - ҚР МКҚ 2-командасы;
- 3 орын - ҚР ҰҚК “А” қызметі командасы.
Күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының сайысы екінші рет өткізілді. Алғашқы турнир 2025 ж. сәуірде өткен, оның жеңімпаздары қатарында ҚР МКҚ, ҚР ҰҚК «А» АМҚ, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командалары болған еді.