Бүгін Шымкент қаласында өткен «Су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісі ретінде цифрлық құралдар» атты республикалық семинар аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-мен, қала әкімдігімен, табиғи монополия субъектілерімен және су бұру мен сумен жабдықтау операторымен бірлесіп, цифрлық технологияларды ұлттық деңгейде енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазақстанда жаңа кезең басталды – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи есепке алу және басқару технологияларын кең көлемде енгізу. Жобаның мақсаты – есептіліктің нақтылығын арттыру, энергия тиімділігін қамтамасыз ету, есеп айырысудың ашықтығын күшейту және коммуналдық саладағы шығындарды азайту.
«Ұлттық жоба аясында есептегіш құралдар өндірушілері, ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары, байланыс операторлары, әкімдіктер және табиғи монополия субъектілері кірген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл нормативтік актілерге де, кәсіпорындардың өз деңгейінде де өзгерістер енгізуді қажет ететін кешенді жұмыс», – атап өтті өз баяндамасында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.
Вице-министр Қазақстан бүкіл ел көлемінде смарт-технологияларды енгізуді жоспарлап отыр: интеллектуалды есептегіш құралдары, ТПБАЖ және жасанды интеллект су және энергия желілерін басқаруда адами факторды азайтуға бағытталтынын атап өтті. Күтілетін нәтиже – жасанды интеллектті пайдалану апаттылықты төмендетуге, су мен энергия шығынын 15–30%-ға қысқартуға, сондай-ақ инфрақұрылымның қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді
Жоба аясындағы жұмыстардың негізгі бағыттары
- Онлайн-деректерді беретін заманауи есептегіш құралдарын жаппай орнату. Құрылғылар халықаралық стандарттарға сай болады, радиомодульдермен жабдықталып, отандық кәсіпорындарда өндіріледі.
- Коммуналдық сала кәсіпорындарында – су арналарында, ЖЭО-ларда, ЭБК және жылу тасымалдау ұйымдарында өндірістік процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТПБАЖ) енгізу.
- «Smart Turmys» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай цифрлық платформасын әзірлеу және іске қосу. Бұл жүйе ел бойынша мемлекеттік және жекеменшік деректер базасын біріктіріп, сапалы әрі сенімді ақпарат негізінде саясат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Реформаның басты мақсаты – азаматтар, бизнес және мемлекет үшін есеп айырысудың ашықтығын, коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.