Алматыда қазандықтар мен ЖЭО-лардың жылыту маусымына дайындығы тексерілді

1166
Фотосурет: Gov

Жұмыс сапары барысында Дархан Сатыбалды Медеу ауданында орналасқан және 590 нысанды жылумен қамтамасыз ететін Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығының алдағы қысқа дайындығымен танысты. Негізгі отын түрі – табиғи газ, қуаты – 208 Гкал/сағ, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұдан кейін Алматы әкімі ЖЭО-2-ге барды. Бұл нысан қаланың ең ірі жылу көзі. Оның қуаты – 1411 Гкал/сағ. Жылудың үздіксіз берілуін 664 қызметкер қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда кәсіпорында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, дайындық деңгейі шамамен 80%. ЖЭО-2 өкілдері барлық жұмыс уақытында аяқталатынына сендірді.

Сонымен қатар Дархан Сатыбалды ЖЭО-1-дің жұмысымен танысты. Бүгінгі күні нысан толықтай газбен жұмыс істейді. Оның қуаты – 1203 Гкал/сағ. Кәсіпорын қаланың орталық және шығыс бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Мұнда 357 адам еңбек етеді. Жылумен қамтамасыз ету нысанындағы жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған, толықтай аяқталу мерзімі – 30 қыркүйек. Осыдан кейін ЖЭО-1 қыс мезгіліне толық дайын болады.

Алматы қаласының әкімі алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын қатаң бақылауда ұстап, белгіленген мерзімді сақтауды тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -