Тоқаев Түрікменстан Президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

1331
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -