NU арнайы гранттары: талантты балаларға жаңа мүмкіндіктер

1232
Фотосурет: nu.edu.kz

Nazarbayev University (NU) әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жаңа гранттық бағдарламаны іске қосуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы 27 қыркүйекте өткен “NU Fest: Knowledge Race” Ашық есік күнінде жарияланды. Шараға заманауи білімге қызығатын 13 мыңнан астам ата-ана, оқушы, студент және қонақ қатысты.

Келушілер университетке қабылдау ережелерімен танысып, NU-дың жаңа бағдарламалары туралы ақпарат алды, профессорлармен және түлектермен жүздесті, заманауи зертханаларды, FabLab, TechnoPark пен стартап-орталықтарды аралады, сынамалық дәрістер мен экскурсияларға қатысты. Сондай-ақ кәсіби бағдар беру мамандарына сұрақтарын қою мүмкіндігі болды. Көрменің ең қызықты сәттерінің бірі — шынайы Formula 1 болидінің көрсетілімі еді.

Бүгінде NU – инженерия, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар, медицина, бизнес, білім беру және мемлекеттік саясат салаларын қамтитын сегіз мектеп пен шамамен 8 000 студенті бар жетекші жоғары оқу орны. Университет түлектерінің 98%-ы жұмысқа орналасқан, олардың көбі Қазақстанда қызмет етеді.

NU президенті профессор Вакар Ахмадтың айтуынша, биыл университет рекордтық көрсеткішке жетті — 10 мыңнан астам өтініш түскен, бұл алдыңғы жылдардан 40% көп. «Бұл университетке деген сенімнің және беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Біз мемлекеттік гранттар бойынша 2 409 студент қабылдай аламыз, одан бөлек, университеттің өзінің гранттық бағдарламалары мен ақылы оқу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жаңа жобаларды іске асырудамыз — Лондон университетінің Шығыстану және африка зерттеулері мектебімен (SOAS) бірлескен жаһандық қатынастар мен еуразиялық зерттеулер бойынша магистратура және Гонконг ғылым және технология университетімен бірлескен кәсіпкерлік бойынша қос дипломды бакалавриат. Алдағы уақытта бұл бастаманы жаратылыстану, информатика, инженерия және медицина бағыттарындағы бағдарламалармен кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — деді ол

Қазақстанда және одан тыс жерлерде NU-ға деген қызығушылықтың өсуі халықаралық мойындаудың артуымен де байланысты. Times Higher Education (THE) рейтингі бойынша университет әлемдегі ең үздік ЖОО-лардың 24%-ның қатарына енсе, оның Жоғары білім беру мектебі үздік 200-дің ішінде. Осы беделдің арқасында университетке шетелдік талапкерлер де көптеп келуде: биыл Қытай, Ресей және АҚШ қоса алғанда 44 елден жүздеген өтініш түсті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -