Димаш пен Hunan Broadcasting System тележобасы Алматы мен өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуде

1078
Фотосурет: Gov

Димаш пен Hunan Broadcasting System (ҚХР) бірлесе қолға алған халықаралық телевизиялық жоба Қазақстанның көрнекті туристік орындарын әлемдік аудиторияға ұсынады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы мен Алматы облысы Voice Beyond Horizon түсірілімінің келесі локацияларына айналды.

Түсірілім мегаполис пен Алматы облысының танымал туристік орындарын қамтыды. Шетелдік көрермендер су астындағы қылқан жапырақты орманы бар Қайыңды көлін, UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы тарапынан әлемдегі үздік туристік елдімекеннің бірі атанған  Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын көре алады. Алматының өзінде түсірілім Арбатта, Көк базарда және метрода өтті.

Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген орындаушылар қатысады. Әртістердің өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Voice Beyond Horizon музыкалық жобасы әр түрлі елдердің әртістерін біріктіріп, Қазақстанның табиғи ландшафтары мен туристік әлеуетін көрсетеді. Түсірілім Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, Алматы қаласында өтті. Халықаралық жобаның ақтық кезеңі Астанада өтеді.

Жобаға Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және өңірлік әкімдіктер қолдау көрсетіп жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -