Дархан Сатыбалды Four Seasons ТҮК инфрақұрылымы бойынша жұмыстарды аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Журавлев көшесі, 26 және 28-де Four Seasons тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кешенді пайдаланудың негізгі мәселелері талқыланды.
Әсіресе, жалпы алаңы 7 мың шаршы метрден асатын паркингке аударылды. Бүгінде оның бір ғана кіру және шығу жолы бар, көлбеу биіктігі 45 градустан жоғары, бұл тұрғындарды алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, тіпті жеңіл көліктің кіруі қауіпті, ал төтенше жағдайда адамдарды эвакуациялауға қауіп төндіруі мүмкін.
Сондай-ақ, тұрғындар инженерлік желілерді беру мәселесін көтерді. Талқылау қорытындысы бойынша әкім екі апта ішінде трансформаторлық қосалқы станция бойынша құжаттарды ресімдеуді аяқтауды және оны «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ балансына беруді, әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жеті күн ішінде екінші блоктың паркингін пайдалануға беруді тапсырды. Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды жауапты тұлғаларға коммуналдық қызметтермен бірлесіп кәріз жүйесі бойынша кемшіліктерді жоюды, содан кейін «Алматы су» ЖШС балансына желілерді қабылдауды тапсырды. Ал Қала құрылысын бақылау басқармасы ауданы 7 мың шаршы метр паркингтің қауіпсіздігін көлікпен кіріп-шығып тексереді.
«Әкімдіктің құзыретіне кіретін барлық мәселе - трансформаторлық қосалқы станция, кәріз және кәріз сорғы станциясы шешіледі. Бұл ретте пайдаланудың ішкі мәселелері МИБ құзыретіне жатады және тұрғындар оларды меншік иелерінің бірлестігі деңгейінде шешуге тиіс» Дархан Сатыбалды
Құрылыс салушылар анықталған кемшіліктерді тез арада жоюға және тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды орындауға міндеттенді.