Құтқарушылардың үйлесімді әрекеті балалар мен ересектерді өрттен аман алып шықты

1089
Фотосурет: Gov

Құтқарушылар 28 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін кешке Көкшетау қ., Назарбаев даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт 4-қабаттағы балконда басталып, кейін жоғарыдағы 5-қабаттың балконына тараған.

ТЖМ бөлімшелерінің уақтылы әрекет етуінің арқасында өрт тез арада сөндірілді. Жоғарғы қабаттарға су беру үшін өрт сөндірушілер автосатыны қолданды, бұл өртті сырттан тиімді сөндіруге мүмкіндік берді.

Өрт сөндірушілер түтін аймағынан баспалдақ маршымен 28 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -