Қазақстан Alem Crypto Fund арқылы цифрлық резервтер мен инвестициялар стратегиясын дамытуда

2222
Фотосурет: @frimufilms / freepik

Қазақстанда Alem Crypto Fund криптоқоры жұмысын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қор Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен құрылып, Qazaqstan Venture Group басқаруына берілді және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) экожүйесінде тіркелді.

Қордың басты мақсаты - цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция салып, қаржы резервін қалыптастыру.

Болашақта Alem Crypto Fund мемлекеттік жинақтарды басқаруға арналған құралға айналып, еліміздің қаржылық болашағын тиімді басқару мүмкіндігін кеңейте алады.

«Alem Crypto Fund қорының құрылуы - Қазақстандағы цифрлық қаржы саласын дамыту жолындағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз - оны ірі инвесторлар үшін сенімді құралға және мемлекеттік цифрлық резервтердің негізіне айналдыру» Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев

Қордың стратегиялық серіктесі - Binance Kazakhstan. Ол әлемдегі цифрлық актив экожүйесі саласындағы ірі ойыншы, Binance-тың құрылымына кіретін, жергілікті лицензияланған компания.

Дәл осы Binance Kazakhstan-мен серіктестікте Alem Crypto Fund өзінің алғашқы инвестициясын жүзеге асырып, BNB токенін сатып алды. BNB - бұл BNB Chain желісінің негізгі токені. Ол транзакция жүргізу, комиссия төлеу және желіні басқаруға қатысу үшін қолданылады.

Бүгінде BNB-дің нарықтық капитализациясы 138 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл оны әлемдік нарықтағы ең тұрақты әрі ықпалды цифрлық активтердің біріне айналдырып отыр.

«Binance Kazakhstan компаниясының Alem Crypto Fund қорының стратегиялық серіктесі болғанына қуаныштымыз. Қордың алғашқы цифрлық актив ретінде BNB-ді таңдауы Binance экожүйесіне деген сенімді білдіреді және Қазақстанда криптовалюталардың институционалдық деңгейде мойындалуына жол ашады. Бұл - цифрлық активтер нарығын ашық әрі қауіпсіз ету жолындағы маңызды қадам, мұнда мемлекеттік бастамалар мен жаһандық технологиялар ұлттық экономиканың игілігі үшін бірлесіп жұмыс істейді» Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері Нұрхат Күшімов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -