Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы аясында материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің дайындығы тексерілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тыл қызметтері үйлесімді әрекет етіп, уақтылы далалық тамақтандыру пункттерін, медициналық бекеттер мен лагерьлерді орналастырып, әскерді сумен, азық-түлікпен, мүлікпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді жолға қойды.

Әскери техниканың дайын күйде болуын қамтамасыз ету үшін жөндеу-қалпына келтіру бөлімшелері жұмыс істеді.

Логистика мәселелеріне және қызметтер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығудың нәтижелері материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері кез келген жағдайда жедел әрі тиімді әрекет етуге қабілетті екенін көрсетті.
 
                                             
                                                             
                                                             
                                                             
                                                            