"Айбалта-2025" жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында әскерлерді тиімді басқаруды ұйымдастыруда әскери байланысшылар шешуші рөл атқарады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Байланыс әскерлерінің мамандары оқу-жаттығу өткізілетін ауданда далалық тораптарды орналастырды. Олардың арсеналында радиорелелік және спутниктік жүйелер, сондай-ақ деректерді беру арналарын қорғаудың заманауи құралдары бар.

Қазіргі заманғы байланыс жүйелері мен автоматтандырылған басқару құралдарының көмегімен әскери байланысшылар штабтар мен бөлімшелер арасында үздіксіз ақпарат алмасуды қамтамасыз етті.

Олардың іс-әрекеттерінің арқасында барлық деңгейдегі командирлер жағдайдың өзгеруі туралы деректерді жедел алуға және уақтылы шешім қабылдауға мүмкіндік алды.

Әскери байланысшылардың кәсіби, үйлесімді және тиімді әрекеттері "Айбалта-2025" оқу-жаттығуын сәтті өткізудің маңызды факторына айналды.
 
                                             
                                                             
                                                             
                                                             
                                                            