Әлеуметтік мәселелерді шешу: азаматтардың өтініштері бақылауда

1089
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдау өткізіп, республика бойынша 4 адамның өтінішін қарады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандықтар министрге атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, түрлі қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша жүгінді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдай отырып, олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Ол қаралуы қосымша мерзімді қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, Министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -