Air Astana күзгі маусымда әуе бағыты желісін кеңейтетінін жариялады

1133
Фотосурет: @PR_AirAstana

Қыркүйек айынан бастап Алматы – Жидда бағыты бойынша аптасына 2 рет, Шымкент – Жидда бағыты бойынша аптасына 1 рет қатынайтын рейстерді жанғыртты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазан айының соңынан бастап Алматы – Мәдина бағыты бойынша аптасына 2 рет, Шымкент – Мәдина бағыты бойынша аптасына 1 рет, Астана – Жидда және Астана – Мәдина бағыттары бойынша рейстер екі аптада бір реттен кезектесіп орындалады. Сондай-ақ Ақтау – Жидда және Ақтау – Мәдина бағыттары да екі аптада бір реттен кезектесіп орындалады.

Бұл рейстер қазақстандық жолаушыларға қажылық сапарларын ыңғайлырақ жоспарлауға, сондай-ақ іскерлік және туристік сапарларға қосымша мүмкіндік беруге жол ашады. Қазақстан азаматтарына Сауд Арабиясына виза алу қажет, ол онлайн түрде мына сайт арқылы рәсімделеді.

Сонымен қатар қазан айының соңынан бастап қазақстандықтарға визасыз баруға болатын курорттық бағыттар қайта жанғырды:

  • Алматы – Мале (Мальдив аралдары) аптасына 3 рет, ал Жаңа жыл мен Наурыз мерекесі қарсаңында сұраныстың жоғары болуына байланысты аптасына 5 ретке дейін.
  • Алматы – Фукуок (Вьетнам) аптасына 5 рет, желтоқсаннан бастап аптасына 7 ретке дейін.
  • Астана – Фукуок аптасына 3 рет.

Бұдан бөлек, Air Astana қазан айының соңынан бастап танымал туристік бағыттарда рейстер санын арттырады:

  • Алматы – Дубай: аптасына 7 рейстен 12 рейске дейін.
  • Астана – Дубай: аптасына 7 рейстен 10 рейске дейін.
  • Алматы – Бангкок: аптасына 4 рейстен 7 рейске дейін.
  • Алматы – Пхукет: аптасына 4 рейстен 7 рейске дейін.

Барлық жаңа рейс отын тиімділігі жоғары, ұшу қашықтығы арттырылған және жолаушыларға жайлылығы жақсартылған заманауи Airbus A320neo және A321LR әуе кемелерімен орындалады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -