Ардагерге тағзым – ұрпаққа аманат

990
Фотосурет: ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

1 қазан – Қарттар күніне орай 5510 әскери бөлімінің жеке құрамы ардагерлермен кездесіп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл шараның басты мақсаты – көп жылдық өмірлік тәжірибесі мен еңбегін ел игілігіне арнаған қарттарымызға алғыс айту, оларға қамқорлық таныту.

Әскери қызметшілер ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті. Ардагерлер әскери бөлімнің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы сұрап, сарбаздар мен офицерлерге жүрекжарды баталарын берді.

5510 әскери бөлімінің командирі өз сөзінде:

«Қарттарымыз – біздің асыл қазынамыз. Бүгінгі жас ұрпақ олардың өнегелі өмір жолынан сабақ алып, әрдайым құрмет көрсетуі тиіс. Біз әрқашан ардагерлерімізді ардақтап, қамқорлық көрсетуге дайынбыз» – деп атап өтті.

Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген ықыласқа ризашылығын білдіріп, сарбаздарға ел қорғауда абыройлы қызмет атқаруларына тілектестік айтты.

Осылайша, 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қарттар күні аясында ізгі дәстүрді жалғастырып, ардагерлерге сый-құрмет көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -