Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері есірткі сатушыны ұстады

1342
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында есірткі сатты деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрасыл Қуанышбай, патрульшілер қатардағы Ерасыл Байнияз бен Олег Фофонов «Солтүстік-Шығыс» шағын ауданында патрульдік қызмет атқарып жүрген. Бір тұрғын үйдің ауласында ұландықтар ұялы телефон камерасының жарқылын байқап қалады. Күдікті белгісіз затты тығып, суретке түсірген сәті әскери қызметшілердің күдігін туғызды.

Ұландықтар азаматқа жақындап, құжаттарын тексермек болды. Алайда ол өзін агрессивті ұстады. Тексеру барысында оның қалтасынан салмағы шамамен 10 грамм болатын есірткі заты салынған капсула табылды.

Ұсталған азамат полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -