Мемлекеттік би театры керемет кешке дайындалуда

1012
Фотосурет: Almaty Theatre

ҚР Мемлекеттік академиялық би театры классикалық балет жауһарларын ұсынады, деп хабарлайды DKNews.kz.

13 қазан күні сағат 18:00-де Almaty Theatre үлкен сахнасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры көрерменге әлемдік балет классиканың жауһарларын ұсынады. Ол – Болат Аюхановтың авторлық нұсқасындағы аңызға айналған «Аққу көлі» балеті және Жорж Бизенің экспрессивті «Кармен-сюита» қойылымы.

«Аққу көлі» балеті неміс аңызы желісімен қойылған. Онда зұлым сиқыршы Ротбарттың қарғысымен аққу бейнесіне айналған ханшайым Одетта туралы баяндалады. Болат Аюхановтың авторлық интерпретациясында бұл балет алғаш рет 1967 жылы сахналанды. Сол кезде хореограф қойылымды Алматы хореография училищесінің бітіруші сыныбы үшін жасап, өзі де басты партиялардың бірін орындаған. Кейін бұл нұсқа «Алма-Аты жас балеті» труппасының репертуарына енді, ал 2000 жылдан бастап ҚР мемлекеттік академиялық би театрының бағдарламасындағы ең жарқын туындылардың біріне айналды. Аюханов нұсқасының ерекшелігі - соңында. Бұл нұсқада зұлымдық жақсылықты жеңеді. Мұндай шешім көрерменді кейіпкерлердің тағдыры мен адамның таңдау еркіндігі туралы терең ойға жетелейді.

«Кармен-сюита» балетінде еркіндікті сүйетін Карменнің солдат Хозе үшін құрбан болған тағдыры суреттеледі. Олардың арасындағы қарым-қатынас пен Хозенің қызғаныштан жасаған қылмысы Карменнің өліміне себеп болады. Басты партияларды Мемлекеттік академиялық би театрының жетекші солистері орындайды. Олардың қатарында Айнұр Мұқашева, Айя Мелис, Жанат Тайкенов, Еламан Тиыштықбай, Әлия Құрабаева, Аружан Бекталиева, Дамир Тлесбаев, Сымбат Мақсұт, Айша Қаспақбаева, Минами Ватанабе, Асылбек Исмаил, Дияр Әкенов бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -