Астанада ЭКСЖ-ның негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша "галстуксіз" форматында кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін Астанада Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен "галстуксіз" форматында кездесу өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың төрағалығымен өтті. Негізгі спикерлер ретінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, Энергетика министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ мен "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ өкілдері сөз сөйледі.
Қатысушылар жүргізіліп жатқан реформалардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету үшін аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Ұлттық жобаны іске асыру энергетикалық және коммуналдық секторларды тұрақты дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін стратегиялық маңызға ие.
Кездесу барысында БАҚ өкілдеріне Ұлттық жобаны іске асыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, алдағы қайта құрулардың негізгі бағыттары және ТКШ саласы жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар белгіленді.
Журналистер қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды және сарапшылармен секторды жаңғыртуға байланысты өзекті тақырыптарды талқылай алды.