Қостанайда өрт сөндіру техникасының паркі жаңартылды

1111
Фотосурет: Gov

Қостанай қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ТЖ департаменті бөлімшелеріне жаңа өрт сөндіру техникасының кілттерін табыстау салтанаты рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Өңір бөлімшелері заманауи автоцистерналар мен сорғы-жеңқұбырлы машиналарды, сондай-ақ жаңа үлгідегі қызметтік нысанды киім-кешектерді алды. Бұл қадам азаматтық қорғау қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Жаңа техника өрт сөндіру бөлімшелерінің ұтқырлығын айтарлықтай арттырып, шақыртуларға ден қою уақытын қысқартуға және жеке құрамға қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді.

«Бүгін біз Қостанай облысына баса назар аударып отырмыз. Өңір құтқарушыларға жедел әрі тиімді ден қоюға мүмкіндік беретін жаңартылған техника мен киім-кешек алып жатыр. Бұл облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Салтанатты шара соңында министр және облыс әкімі жеке құраммен бірге экологиялық акцияға қатысып, өрт сөндіру бөлімінің аумағына жас қарағай көшеттерін отырғызды. Мұндай іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде өтіп, азаматтық қорғау жүйесінің жаңаруы мен тұрақты дамуын білдіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -