Еңбек министрлігі халықаралық ынтымақтастық пен әлеуметтік қызметтердің цифрландыруын күшейтуде

2277
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жоспарлы жұмыс пен қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бірінші болып Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Светлана Омарова баяндама жасап, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ведомствоның Даму жоспарының орындалу көрсеткіштері жөнінде мәлімет берді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департамент басшылары – Қызылорда облысы бойынша Бекболат Шәріпбеков пен Абай облысы бойынша Анар Ерембаева өз қызметтерінің негізгі бағыттарына талдау жасады.

Заң қызметі департаментінің директоры Серік Беркамалов нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі қазіргі жұмыстың барысы туралы айтып өтті.

Министрдің кеңесшісі Фарида Сағындыққызы өңірлерде Бірыңғай цифрлық платформаны енгізудің аралық нәтижелері жөнінде баяндама жасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -