Қазақстанда жылыту маусымын тұрақты өткізу үшін көмір дайындау жұмыстары жалғасуда

1650
Фотосурет: Gov

ҚР Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов көмір өндіруші кәсіпорындармен жылыту маусымын тұрақты өткізу мақсатында қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша кеңестер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиналыстарға «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ өкілдері, көмір өндіруші кәсіпорындар мен сыртқы сауда қызметінің мамандары қатысты.

Өңірлердің көмір дайындау жоспарларының орындалуы, жартылай вагондармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ өңірлік операторлардың қызметі туралы есептер тыңдалды.

Бүгінгі таңда халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жылыту маусымына қажеттілігі 7,4 млн тонна көмірді құрайды. Өңірлер бойынша көмір дайындау көлемі 4,8 млн тоннаға жетіп, бұл жоспардың 65%-ын құрайды.

Жалпы, Энергетика министрлігі өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстауда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -