Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы әйгілі ВГИК-пен ынтымақтастықты нығайтуда

1111
Фотосурет: Gov

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институымен (ВГИК) өзара ынтымақтастық туралы келісім орнатты. Құжатты қос жоғары оқу орнының ректорлары бекітті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған келісім аясында профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған «Цифрлық технологияларды аудиовизуалды өндірісте қолданудың ерекшеліктері» деген қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланған. Бағдарлама 72 академиялық сағаттан тұрады және оған аудиовизуалды өнер, кино және анимация бағыттары кіреді.

Сондай-ақ Мәскеуде «Восхождение» халықаралық студенттер кинофестивалі өтті. Фестивальде ТМД елдерінің жас кинематографистері бас қосты. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Кино және телевизия факультетінің студенттері үш бірдей жүлдеге ие болды. Мырза Махамбеттің «Қараша» фильмі «Ең үздік режиссура» номинациясын, «Мамыр әні» фильмі «Ең үздік әйел бейнесі» (Алдакеева Айша) номинациясын, Тілеуберді Тұрарбекұлының «Оңаша қалғанда» фильмі қазылар алқасының арнайы сыйлығын алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -