Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейтін «Best Airport Service» жобасы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері Қостанай халықаралық әуежайында оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жоба жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және авиациялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың тиімді стратегиясын құруға бағытталған. Best Airport Service мемлекеттік органдарды, соның ішінде Қостанай әуежайында жұмыс істейтін қызметтерді және әуе компания өкілдіктерін қамтитын кешенді тәсілді қарастырады.
Жоба жыл бойына қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасына жолаушылардың қанағаттануын талдау үшін әуежай ішкі және халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар арасында арнайы сауалнама жүргізілетін болады.
Талдау негізгі мәселелерді анықтай отырып, екі кезеңде өтеді, одан кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен әуежай басшылығы оларды бірлесе шешетін болады.