Павлодарда электр энергиясына тариф қолдану саласында заңбұзушылықтар анықталды

2475
Фотосурет: DKNews.kz

Павлодарда инвесторларға электрмен жабдықтау тарифтері төмендетілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Павлодар қаласының прокурорлары өңір экономикасына 400 млрд теңгеден астам инвестиция салған 20 кәсіпорынға қатысты электр энергиясына тарифтерді қолдану саласындағы бұзушылықтарды анықтады.

Талдау көрсеткендей, монополист кәсіпорындардан жеңілдікті қолданбай жалпы тариф бойынша ақы алған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша инвесторларға жеңілдік тарифі белгіленді, бұл электр энергиясының құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Қабылданған шара «Павлодар» АЭА қатысушыларының шығындарын қысқартты және өңірде инвестициялық қызметті жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қалыптастыруға ықпал етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -