Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қорғаныс министрлігімен және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен (ХҚКК) бірлесіп, Халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама бойынша Орталық Азия елдері үшін өңірлік конференция ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының аясында 6 ел – Бразилия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп іске қосты.
Конференцияның негізгі спикерлері болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары вице-адмирал Серік Бурамбаев, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко, сондай-ақ Орталық Азиядағы ХҚКК өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевич және ХҚКК жаһандық бастамасы бойынша басшысы Анн Кентен сөз сөйледі.
Конференцияға Орталық Азия және жаһандық бастаманың бастамашы елдері елшіліктерінің жетекші сарапшы-заңгерлері мен дипломаттары қатысты.